«Ұрып-соғып, тұншықтырған»: үнді азаматына тұрмысқа шыққан қазақстандық көмек сұрады

Азамат Ахметов

Ол үш баласын елден шығара алмай отыр

«НемолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Калькуттадан қарағандылық қыз көмек күйеуінен зәбір кріп, сұрағанын айтты.

«Ол Калькуттада тұрады екен. Он, үш жарым және бір жасар балалары бар. Егер осы жерден шыға алатын мүмкіндік болса көмектесіңіздер деп отыр»,- деп жазды Дина Таңсәрі.

Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар төрт жылдан бері бірге тұрады. Осы уақытта күйеуі әйеліне жиі күш көрсетіп, тұншықтыруға дейін барған.

«Отбасын асырамай, тамақ беруді шектеп отыр. Үлкен қызын оқытпай, отбасын ешқайда шығармайды. Әйелдің жинаған бар ақшасын тартып алған. Әйел Үндістаннан кеткісі келеді. Алайда, екі баласының визасы жоқ. Ал үлкен қызының визасы бұзылған. Мен Әйелдердің құқығын қорғау комитетін бұл оқиғаға араласуын сұраймын",- деді Дина Таңсәрі.