Қостанай облысында жол апаты болып, жолаушы тірідей жанып кетті (ВИДЕО)

Азамат Ахметов

Марқұмның кім екені анықталып жатыр

Қостанай – Әулиекөл – Сурган автотрассасында 28 тамызда жантүршігерлік жол апаты болып, көлік жолаушысы тірідей жанып кетті деп хабарлайды «Наша газета» басылымы.

Оқиға Қарасу ауданына қарасты Герцено ауылының маңында болған.

«Toyota Alphard автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққы салдарынан жеңіл көлік өртеніп кетті», - делінген Қостанай облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Оқиға орнынан өртеніп кеткен мәйіт табылды. Оның кім екені қазір анықталып жатыр.