Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Панфилов дивизиясының соңғы жауынгері өмірден өтті

Азамат Ахметов

Ардагер 101 жаста болған

Алматыда даңқты Панфилов дивизиясының соңғы жауынгері Қайырлы Жоңқабаев 102 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Ұлттық гвардияның баспасөз қызметінде хабарлап отыр.

Қайырлы Уатайұлы 1921 жылдың 10 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Марқұм 102 жасына 10 күн қалғанда көз жұмды.

Ол 1940 жылы өзі туған ауданда орта мектептің мұғалімі болып еңбек жолын бастап, 1941 жылы Қызыл әскер сапына шақырылған. Әскерге аттанғанда Панфилов дивизиясының 23 гвардиялық полкіне қатардағы сарбаз ретінде қабылданды.

Екінші дүниежүзілік соғыста пулеметші болып, Мәлік Ғабдулинмен бір ротада отан қорғаған. Ол Беларусь, Польша және Эстонияны азат ету операцияларына қатысты. 1943 жылы Ржев түбіндегі айқаста ауыр жарақат алған. Жеңісті Дрезден қаласында қарсы алды.

Сізге қызықты болады