Астанада темекі тұқылынан үй өртеніп, үш адам қайтыс болды

Азамат Ахметов

Бір адам аман қалды

Астанадағы пәтерлердің бірінен өрт шығып, салдарынан үш адам қайтыс болды деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға 3 қыркүйекке қараған түні болған. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болған.

«Өрт сөндірушілер келгенде екі пәтерлі тұрғын үйдің бірінде 70 шаршы метр жердің жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылар үй ішінен 1970 жылғы ер адамды аман алып шықты. Оқиға орнын қарау барысында екі ер адамның (1983 және 1970 ж.т.) және 1971 жылғы әйел адамның мәйіті табылды», - деп жазылған аталған хабарламада.

Теги: