Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды ұрды деп басы дауда қалды (ВИДЕО)

Азамат Ахметов
КазТАГ

Бұған дейін де спортшының кіші ұлы дәл осылай айыпталған еді

Күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегері, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды ұрды деп айыпталып жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі журналист Михаил Козачковтың Telegram-парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

«Таң қалатын түк те жоқ, жай бұл қыз Instagram-парақшасына өзін ұрып жатқан сәт түсірілген видеоны жүктеді. Иә, ұрып жатқан жігіт Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы», - деп жазды журналист.

Видеоны жүктеген бойжеткен өзінің парақшасында расымен де Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Әкежаннан зәбір көргенін жазыпты.

«Осылайша депутаттың ұлдары әкесінің атына кір келтіріп жүр. Басқа қыздардың жолы Тұрлыханов Әкежан Дәулетұлымен түйіспейді деп үміттенемін», - деп жазған бойжеткен.

Еске салсақ, биыл жыл басында Дәулет Тұрлыхановтың кіші ұлы әскери бөлімді тастап шығып, жас қызға күш көрсетті деп айыпталған болатын. Бойжеткенді қорғамақ болған ерлі-зайыптыны жауынгер жігіт соққыға жыққан. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сізге қызықты болады