Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматы облысында балабақшада 3 жасар сәби қайтыс болды

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Алматы облысында 3 жасар сәби балабақша аумағындағы кәріз құдығына құлап қайтыс болды деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент бастығы Бауыржан Әленовтің мәліметінше, қайғылы оқиға 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында болған.

«Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлағаннан кейін ауылдық ауруханада 3 жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті», - деді облыстық ПД басшысы. 

Аталған дерек ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді. 

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысын мен жеке бақылауыма алдым», - деді Б.Әленов. 

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сізге қызықты болады