Дүниеге Матвей есімді ұл бала келген
AbaiNews Телеграм-арнасының хабарлауынша, оқиға таңғы уақытта болған.
Бір топ жүкті әйел көтеріліп келе жатқанда техникалық ақауларға байланысты лифт бір сағатқа тоқтап қалған. Сол сәтте лифт ішінде болған бес жүкті әйелдің кенеттен толғағы басталып кеткен.
Лифт ішіндегі болған әйелдердің бірінің айтуынша, оның анасы Эльмира Жетпісова сол емдеу мекемесінде акушер болып жұмыс істейді, бірақ сол сәтте еңбек демалысында болып, онымен бірге босануға бара жатқан.
«Менің анам ерлік жасады, ол Семей қаласының перинаталдық орталығының бір сағат бойы тоқтап қалған лифтінде толғағы келген әйелді босандырып алды. Біз, 5 бірдей жүкті әйел, сол уақыт аралығында лифт ішінде болдық», - дейді қызы.
Белгілі болғандай, дүниеге Матвей есімді ұл бала келген.