Прокурор Қайрат Боранбаевты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Азамат Ахметов

Сот шешімді бүгін шығарады

Фото ашық дереккөзден

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарап жатыр. Прокурор сотта Боранбаевты мүлкін тәркілей отырып, оны 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. 

ҚК-нің 189 және 218-баптары бойынша ең жоғары жаза 12 жылдан аспайтынын ескере отырып, сотталушыларға тиісінше 6 және 5 жылдан  бас бостандығынан айыру жазасын (ең жоғары мерзімнің жартысынан аспайтын) тағайындау ұсынылды.

Кеше Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңгенің мүлкін қайтарғаны белгілі болған. 

Еске сала кетсек, биыл наурызда Сарыарқа аудандық №2 соты Қайрат Боранбаевты 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді. Алайда, кейін Астананың сот алқасы Боранбаевқа шыққан сот үкімінің күшін жойды. 29 маусымда Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Боранбаевпен бірге сотталған Тайыр Жанұзақ пен Роман Нахановтың да үкімін өзгертіп, қайта қарау туралы шешім шығарды. Үкім күшінің жойылына нақты айғақтың болмауы себеп болған.