Олар ұрлаған ақшаға Астанадан пәтер сатып алған
Қаржылық бақылау агенттігінің өкілдері Шымкент әкімдігі мен әкімдікке қарасты мекеме қызметкерлерін ұстады. Олар бюджеттің 1,1 млрд теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген.
Қалалық коммуналдық мекеменің басшылығы мердігер мекеме мен әкімдік қызметкерлерінен құралған топ мүшелерімен бірлесіп, жылу құбырлары мен электр желілерін ауыстыру бойынша атқарылатын жұмыс құны мен материалдары құнын қымбат көрсетіп, 1,1 млрд теңге жымқырған.
Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынған.
Тергеу мәліметтеріне қарағанда, күдіктілер 150 миллион теңгеге Астанадан бірнеше пәтер сатып алған.