Атырау облысында көлік өзенге батып, екі адам қайтыс болды

Азамат Ахметов

Автокөлік жоғары жылдамдықпен келіп құлаған

Көрнекі фотосурет

Полицияның хабарлауынша, 17 қазанда учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған.

«Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды. Көлік ішінен 1971 және 1981 жылдары туған екі ер адамның денесі табылды. Дене жарақаттары анықталмаған», - делінген хабарламада.

Бейнекамераларда 16 қазанда сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған.

Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалды.