Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Абай облысында үй өртеніп, кішкентай 4 бала қаза тапты

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Куәгерлердің айтуынша, балалардың әкесі жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен

Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйден шыққан өрт салдарынан 4 бала қайтыс болды, деп хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал келіп түсті. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метрде жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды.

Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.

«Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды. Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде», - делінген хабарламада.

Сізге қызықты болады