Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Шымкентте ер адамды көшеде ұрып өлтірді

Азамат Ахметов
Otyrar.kz

Полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр

OTYRAR телеарнасы хабаралғандай, оқиға 26 қыркүйекте кешкі сағат 17:00 шамасында болған. 

«Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам 54 жастағы тұрғынға көшеде шабуыл жасап, басынан аяусыз тепкілеген. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, ол уақытта жәбірленуші қайтыс болып кеткен болатын», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер кісі өлтіріп, оқиға орнынан қашып үлгерген күдіктіні іздестіріп жатыр.

Сізге қызықты болады