Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Атырауда психикалық диспансер жоқ етті 5 млн теңгеге сатып алған

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Сонымен қатар, аталған нысанда науқастардың ас-ауқаты бояу жүргізіліп жатқан бөлмеде әзірленген

«Әділдік жолы» РҚБ Атырау филиалы бірқатар әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізіп, нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталды.

Аtpress.kz жазуынша, мониторинг тобы облыстық балалар ауруханасы, психикалық денсаулық орталығы және онкологиялық диспансерді тексеріп көрген.

Мәселен, мемлекеттік сатып алу порталының мәліметінше, биылғы наурызда облыстық психикалық денсаулық орталығынан 3 612 000 теңгеге 1500 келі сиыр еті сатып алынған. Ал қазан айында 2 268 000 теңгеге тағы 1200 келі ет сатып алу туралы келісім жасалған.

«Алайда, мониторинг барысында емдеу мекемесінде ол еттің жоқ екені анықталды. Сонымен қатар, тамақ бір уақытта бояу жұмыстары жүргізіліп жатқан бөлмеде дайындалғаны анықталды. Бүгінде бұл орталықта 120-ға жуық науқас стационарлық ем алып жатыр», - деп хабарлайды «Әділдік жолы» РҚБ.

Сондай-ақ, аталған нысандардағы асханаларды тексеру барысында түрлі заңбұзушылықтар да анықталған.

Сізге қызықты болады