Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Теміртауда 2 жасар сәбиін өлтірген әке өмір бойына сотталды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Ер адам сәбиді асқан қатыгездікпен өлтірген

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі соты Теміртау қаласында өз ұлын өлтірген ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды.

«Патриот» Telegram-арнасының жазуынша, сот үкімі жария болды.

«Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды, ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтесін», - делінген сот үкімінде.

Екі жасар баланың жүрегіндегі пышақ жарақатынан бөлек, қолы да сынғаны анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл наурызда 24 жастағы ер адам екі жасар ұлын өлтіріп, қашып кеткен болатын. Ол бір күннен кейін табылды. Полиция күдіктінің өз қылмысын мойындағанын айтты. Көп ұзамай алғашқы мәліметтер белгілі болды. Кейіннен өлтірілген сәбидің анасы қайғылы оқиғаның жантүршігерлік жай-жапсарын айтып берді.

Сізге қызықты болады