Шенді полицей дереу қамауға алынған
Талдықорған қалалық Полиция басқармасының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды деп жазады Orda.kz.
Облыстық Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасына Алматы қаласы тұрғынынан 12 қараша күні арыз түскен. 27 жастағы қыз өзін Талдықорғанның бас полицейі қызметтік кабинетінде зорлағанын айтыпты.
Бүгін белгілі болғандай, аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-тармағымен (зорлау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікті – Талдықорған қалалық Полция басқармасының басшысы, ол көрші Ескелді ауданының тергеу изоляторына қамалды.