Бишімбаевтың ісі бойынша «Гастроорталық» директоры қамауға алынды

Азамат Ахметов

Қуандық Бишімбаевтың өзі де қамауда жатыр

365Info

Астана қаласының Полиция департаменті «Гастроорталық» директорының екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді.

«BAU» мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастроорталығының директорына қатысты бұлтартпау шарасы – 2 айға қамауға алу санкцияланды», - делінген ПД хабарламасында.

Қылмысты жасырды деген ер адам ҚР Қылмыстық кодекснің 432-бабы бойынша күдікке ілінді.

«Қазіргі кезде тергеу жалғасуда, басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, әйелін өлтірді деген күдікпен бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталған болатын. Бұған дейін ол аса ірі көлемде пара алу және ақша жымқыру әрекетін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жазасын өтеген.