Бір адам ауруханаға жеткізілген
19 қараша сағат 05:45 шамасында «Ақтөбе-Орынбор» тас жолының 73-шақырымы Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан.
Polisia.kz хабарлағандай, апат салдарынан Lexus және Subaru Forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды. Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.