Қыздың жасы қаншада екені айтылмады
Павлодар қаласында жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Ер адам өз қызын зорлады деген күдікке ілініп отыр. Тәртіп сақшылары қазір оны ұстау шараларын жүргізуде.
Іздестіруге учаскелік және жедел полиция қызметкерлері қосылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарлады.
«Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», - деп нақтылады ведомстводан.
Аймақтың және елдің барлық аумақтық полиция бөлімшелері мен шекара қызметтеріне бағдарлар жіберілді.
Қыздың анасының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 4 – бөлімінің 121-бабы-жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық бойынша басталды.