Бұған дейін компанияның Жезқазғандағы шахтасында бір жұмысшы мерт болған еді
«Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде жазатайым оқиға болған.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды.
«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген компанияның хабарламасында.
Осыдан бір апта бұрын «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында машинист жұмыс кезінде жазатайым жағдайда қайтыс болған еді.