Аталған ақпарат әлі ресми таралған жоқ
Отандық БАҚ беттерінде «Четыре братья» аталып кеткен қылмыстық топ жетекшісі Еркін Ізбасаровтың қайтыс болғаны жазылып жатыр. Бұл ақпаратты журналист Михаил Козачков та өз Telegram-каналында хабарлаған.
2018 жылы Ізбасаров қылмыстық топ құрғаны үшін 12 жылға сотталған болатын. Алайда, денсаулығының нашарлауына байланысты 2021 жылы ол түрмеден босатылды.
Ізбасаровтың қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат әлі тарамағанымен, таныстары оның бүгін таңертең көз жұмғанын растады.