Арғымақтың нарықтағы құны – 1,5 теңге
Қарағанды облысында таза қанды, араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.
Келтірілген шығын көлемі – 1 миллион 500 мың теңге.
«Полиция аталған іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтарды ұстады. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағанын мойындаған. ҚР ҚК 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - дейді облыстық Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.