Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

ШҰҒЫЛ: Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты

Азамат Ахметов
ТЖД

Олар түтінге уланып қайтыс болған

Қалалық ТЖД хабарлауыныша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 30 қарашада таңғы сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесінде болған.

«Өрт туралы хабарлама келіп түсе салысымен, №1 өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді. Келген бойда 1-қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқанын анықтады Алдына ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады», - делінген ТЖД хабарламасында.

Қабылданған шаралар арқылы өрт сағат 06:22-де жойылды. 

«Алдын ала ақпаратқа сәйкес, өртті барлау және сөндіру барысында 13 адам қаза тапты, олардың жеке басы анықталуда. Көміртегі тотығымен уланудан қайтыс болған», - делінген хабарламада. 

Өрт болған жерге Алматы қаласы ТЖД 46 адам және 13 бірлік техника жұмылдырылды. 

«Қазіргі кезде өрт пен адамдар өлімінің себебі анықталып жатыр. Ақпарат түсуіне қарай толықтырылатын болады. Ресми дереккөздерге сілтеме жасауларыңызды сұраймыз», - деді ТЖД өкілдері.

Теги:
Сізге қызықты болады