Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Димаш Құдайберген Назарбаев алған халықаралық сыйлыққа ие болды

Азамат Ахметов
instagram.com/kudaibergenov.dimash

Бұл сыйлық ең дарынды адамдарға беріледі

Қазақстанның халық артисі Димаш Құдайберген халықаралық сыйлыққа ие болғанын өзінің Instagram парақшасында жазды. 

«Бүгін Сербияның Белград қаласында «Karić brothers award» сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады.1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферов, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев, кинорежиссер Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған болатын», - деп жазды әнші.

Сізге қызықты болады