Қазақ-жапон айқасы: Тұраров пен Кондо Алматыда 2 чемпиондық белдікке таласады

Азамат Ахметов

Жапондық сарапшылар мен журналистер Кондо Жанқошты мерзімінен бұрын жеңеді деген тұжырымдарын айтуда

10 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дүбірлі кәсіпқой бокс кеші өтеді.

28 жекпе-жекте жеңіліс көрмеген отандасымыз Жанқош Тұраров пен 37 рет қарсыластарын тізе бүктірген жапондық танымал боксшы Акихиро Кондомен өзара мықтыны анықтайды. Сарапқа IBO World пен WBA Gold World әлем чемпионы белдіктері салынады.

Жапондық сарапшылар мен журналистер Кондо Жанқошты мерзімінен бұрын жеңеді деген тұжырымдарын айтуда.

Турнир аясында жерлестеріміз Виктор Коточигов, Балауса Мұздыман, Елшат Нығметолла және басқа да боксшылар жекпе-жектерін өткізеді.

Билеттер zakazbiletov.kz сайтында сатылымда.