Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жаңқош Тұраров маңызды жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Азамат Ахметов

Ол жапон чемпионымен кездеседі

Бірінші орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) бүгін жапон боксшысы Акихира Кондомен (37-11-2, 21 KO) жекпе-жек өткізеді. Жауапты сын алдында қос боксшы Алматыда салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Аса маңызды айқас Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтпек. Ал жеңіліп көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров әйгілі жапон боксшысы Акихиро Кондомен шеберлік байқасуға тас-түйін дайын екенін мәлімдеді. 

Айта кететін жайт, отандасымыз осыған дейінгі 27 рет жекпе-жегінің бәрінде жеңіс туын желбіретті. Ал оның қарсыласы Акихиро Кондо бірнеше дүркін Жапония және Азия чемпионы атанған.

Сондай-ақ, Алматыдағы бокс кешінде IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігі мен WBA Gold World чемпиондық атағы сарапқа салынбақ.

Айта кететін жайт, бүгінгі сынның андеркартында Виктор Коточигов, Балауса Мұздыман, Елшат Нығметолла, Елхан Табынбаев секілді кәсіпқой бокс шеберлері де өз мүмкіндіктерін сынап көрмек.

Сізге қызықты болады