Марқұм 50-60 жас аралығындағы ер адам болған
Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның денесін жергілікті учаскелік полицей аумақты тексеру кезінде тауып алған.
«Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде учаскелік полиция инспекторы Тараз қаласындағы шағынаудандардың біріндегі үй артындағы құдық ішінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ, 50-60 жас шамасындағы белгісіз ер адамның денесін тапты», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде ер адамның жеке басы анықталып жатыр.