Олардың тағдырына қатысты ТЖМ ақпарат берген жоқ
Медеу ауданында Тау-Самал шағынауданында алдын-ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы апат болды. Топырақтың батпақтануынан 3200 текше метр лай көшіп, екі жер үйді басып қалған.
Лай астында қалған үйлерде төрт адам болған. Оның екеуі кішкентай бала.
«Оқиға орнында "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖМ.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Жинау пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті. Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Жергілікті жерде ТЖД психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр.