Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Сәтпаев қаласының әкімі пара алып ұсталды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Оның мердігер компаниядан 10 млн теңге алғаны айтылған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласы әкімінің ұсталғанын хабарлады. Бұған дейін оның ірі көлемде пара алғаны туралы ақпарат тараған олатын.

«ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлады Антикор.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әкімнің мердігер ұйымнан 10 млн теңге пара алғаны туралы ақпарат тараған еді. Антикор бұл ақпаратты растаған да жоқ, жоққа да шығармады.

Әубәкір Шапағат 2023 жылдың қаңтарында Сәтпаев қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Сізге қызықты болады