Алматы облысыныда заңсыз салынған кірпіш зауыты сүрілді

Азамат Ахметов
Фото: видеокадрден

Алматы облсы Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз салынған кірпіш зауыты сүрілді, деп хабарлайды Qonaev.info.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, 2005 жылы "Құрылыс көмек ХХІ" компаниясы өндірістік базаны салуға және қызмет көрсету үшін жер телімін алған. Алайда, 2021 жылы ескі зауыт бұзылып, орнына жаңа өндіріс орны рұқсатсыз салыныпты. Нақтырақ айтсақ, нысанның аумағы санитарлық қорғау аймағынан асып кеткен. Соттың шешімімен сүрілуі керек нысанды кәсіп иесі өз бетінше орындамаған соң, мәжбүрлі түрде бұзуға тура келген.

«Аудан әкімінің 16.05.2005 жылғы № 5-131 шешімімен ауданы 3,000 га жер учаскесінде кірпіш зауытының құрылысын жобалауға рұқсат етілді. Алматы облысы әкімдігінің 21.12.2006 жылғы №297 қаулысымен саздақтарды өндіру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілді. 2021 жылы ескі зауыт бөлшектеліп, жаңа зауыт қажетті құжаттамасыз салынды»,- делінген хабарламада.

ГАСК басқармасы "Құрылыс Көмек ХХІ" ЖШС кірпіш зауытына қажетті рұқсаттар мен хабарламаларсыз кірпіш зауытына кептіргіш жапсаржай салғанын анықтады.

«Бұзушылықтар нәтижесінде компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды және өз бетінше құрылысты бұзуға міндетті болды. Бұзу туралы сот шешімі "Құрылыс Көмек ХХІ" ЖШС белгіленген мерзімге дейін орындамағаннан кейін мәжбүрлі түрде орындалды.

Сондай-ақ, 2022 жылдың тамызында кірпіш зауытының басқа бөліктерін бұзу туралы жаңа талап арызға бастамашылық жасалды. Бұзу туралы сот шешімі компания белгіленген талаптарды орындамағаннан кейін мәжбүрлі түрде орындалды»,- деп мәлімдеді облыстық әкімдік.