«Облыс орталығына үлкен су келе жатыр»: СҚО әкімі үндеу жасады

Азамат Ахметов
Фото: Ашық дереккөзден

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың су тасқынына қатысты облыс тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Qonaev.info.

Әкімнің сөзінше, жағдай әлі өте күрделі. Судың деңгейі қашан басылатын белгісіз. 

«Өңірде су тасқыны жағдайы күрделі. Облыс орталығына үлкен су келе жатыр. Қиын сәтте ел басшылығы бізге қолдау білдіруде. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыста жұмыс сапарымен екі рет Премьер-Министр Олжас Абайұлы Бектенов болды. Қазір облыста Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр тасқынға қарсы жұмыстарға басшылық етуде. Тұрғындардың өмірін сақтау - біздің басты міндет», - деді ол үндеуінде.