17 сәуірдегі мәлімет бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі үздіксіз көтерілуде, деп хабарлайды Qonaev.info.
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 17 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша:
- Жайық өзені - Индербор кентінің гидропостында су деңгейі 547 см., деңгей +9 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 324 см.
- Жайық өзені - Махамбет кенті су деңгейі 672 см., су деңгейінің + 8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 355 см.
- Жайық өзені - Атырау қ. гидропостында су деңгейі 396см., су деңгейінің +9см.көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 205 см.