Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны басталғалы бері 117 694 адамның қауіпсіз жерге көшірлгенін айтты, деп хабарлайды Qonaev.info.
«Азаматтық қорғау қызметтері 117694 адамды, оның ішінде 43931 баланы құтқарды. 113852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 18651 адам үйлеріне оралды»,- деді брифингте ТЖМ өкілі.
Эвакуациялау пункттерінде 6887 адам, оның ішінде 3166 бала бар.
«10,1 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,2 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 4216 тұрғын үй мен 2698 аула аумағынан су бұрылды»,- деді Ерасыл Сайпаш.
Ал Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 718 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалған.
Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 1932 қоңырау түсті.