Кәмелетке толған қазақстандықтар 199 323,1 АҚШ долларын "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында пайдаланды, деп хабарлайды Qonaev.info. БЖЗҚ-ға сілтеме жасап.
«Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 788 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 120 525,06 АҚШ долларына 1 204 өтініш орындалды»,- делінген БЖЗҚ хабарламасында.
Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 01.01.2024 ж. - 6 919 131 бала. Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады. Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей нысаналы талаптар сомасы есептелген.