Алматы облысында 10 жасар оқушы қыз қайтыс болды

Азамат Ахметов
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 4 сынып оқушысы көз жұмды. Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады, деп хабарлайды Qonaev.info.

«Сабақ кезінде қыз өзін нашар сезініп, есін жоғалтқан. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы No 118 бұйрығына сәйкес медециналық көмек көрсетілді.  Медицина мамандары қанша тырысқанымен мектеп оқушысын аман алып қала алмады. Оқушы жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды»,- деп түсіндірді ведомство.

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.