Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айыптың біреуі алынып тасталынды

Азамат Ахметов
Фото: видеокадрден

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында екінші сотталушы Бақытжан Байжанов тағылған айыптардың бірі бойынша ресми түрде ақталды, - деп хабарлайды Qonaev.info.

Судья Айжан Құлбаева бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжановтан қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпты өзгертті.

«Сот қаулы етті: ҚР ҚК 434-бабы бойынша Байжановты мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты аса ауыр қылмыс туралы хабарламау туралы іс жүргізу тоқтатылды», - деді судья.

Ол енді ҚК 432-бабы «Аса ауыр қылмысты алдын ала уәде етілмеген жасыру» бойынша айыпталып отыр.

Сізге қызықты болады