Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Астанада Қайрат Боранбаевқа тиесілі қонақ үй 3,9 млрд теңгеге сатылды

Азамат Ахметов
Фотоколлаж: Qonaev.info

Электрондық сауда алаңында бұрын бизнесмен Қайрат Боранбаев мемлекетке берген Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттық өтті, деп хабарлайды Qonaev.info.

Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы аукционға шығарды.

Сауда-саттық 2024 жылдың 25 сәуірінде өткен. Қонақ үй сатып алу құқығымен 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Кешеннің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарнасы 587,9 миллион теңгеге тең.

Еске сала кетейік, Боранбаев құны құны 33,75 млрд теңге болатын бірнеше нысанды мемлекет меншігіне былтыр қазан айында өткізген болатын. 

Сізге қызықты болады