Атырауда ер адам сот ғимаратында өзін өлтірмек болды, деп хабарлайды Qonaev.info Ақжайық басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Атырау облыстық сотының ғимаратында 31 мамыр күні сағат 12:30 шамасында болған.
Сотталушының оқыс әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы ("Көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару") бойынша 1,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде үкім шығарған сот шешімімен келіспеу белгісі ретінде жасалған.
Бұл сот атыраулық тұрғынының алғашқы сот отырысы емес екен. Ол бұған дейін ҚР ҚК 389-бабы ("Өзін-өзі ұстай алмау") бойынша сотталған.
"Сотталушы өз-өзіне қол жұмсауға оқталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотталушыға медициналық көмек көрсетілді. Содан соң тергеу изоляторына оқшауландырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.