Грузияда қазақстандық қыз қаза болды, тергеу жұмыстары басталды

Азамат Ахметов

Бұған дейін  ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы азаматының денесін отанына жеткізуді ұйымдастыруға көмек көрсетіп жатқандығы туралы ақпарат таратқан.

Фото google.com

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Грузия полициясы өзін-өзі өлтіруге апарды деген күдікпен қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Orda.kz. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

— Грузияның құқық қорғау органдары біздің елшілікке берген ақпаратқа сәйкес, биылғы 5 мамырда Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезесінің түбінен Қазақстан азаматының денесі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қыз 9-қабаттан құлап мерт болған, – деді сыртқы істер министрлігі.

Грузия полициясының өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу деген күдікпен қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды. Полиция күдіктіні қамауға алған. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

— Грузиядағы Қазақстан елшілігінің консулы марқұмның отбасымен үнемі байланыста. Бұл іс елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ел азаматының денесін отанына жеткізуге жан-жақты көмек көрсетуде, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұған дейін 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваның Грузияда түсініксіз жағдайда қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Марқұмның немере әпкесі қайтыс болғанға дейін қыз құрбысына аудио жазба жіберіп үлгергенін айтты. Онда белгісіз ер адамның оған қалай  қоқан лоқы жасап жатқанын естуге болады.

Онда шамамен жасы 40-50 шамасындағы Бесо есімді азамат сезімін білдіріп, кейін зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытып жатқанын естуге болады. Сонымен қатар күдікті көлік ұрлығы үшін түрмеде отырғанын айтады. Бұл аудиожазбадан соң бойжеткен құрбысына «Мен одан қорқамын, ол мені ұрып жіберді» деп хат жазған. Ал кейін байланысқа шықпай қалған. 

Алдын ала ақпарат бойынша, Әсел Айтпаева бір ай бұрын ақша табу мақсатында Грузияға кеткен. Ол бірнеше күн бұрын жақын адамдарымен байланысын үзген.