Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Қазақтың жері Ресейдікі» деген Никонов Қарағандыдан жаңа орталық ашты

Азамат Ахметов
russkiymir.ru

«Орыс орталығы» Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында жұмыс істейді

Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Орыс орталығы» ашылды. Бастама авторы – ресейлік «Русский мир» қоры. Иә, «Қазақстан жерінің бір бөлігі Ресейдікі» деп мәлімдеп жүрген Дума депутаты Вячеслав Никоновтың қоры Қазақстаннан осылайша тағы бір орталық ашып отыр.

Айта кету керек, «Русский мир» қоры бұған дейін Қазақстанда екі орталық ашқан болатын. Оның бірі Ақтөбеде болса, екіншісі – Алматыда.

Қарағандыдағы орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне ҚарМУ ректоры Нұрлан Дулатбековтің өзі қатысыпты.

Ал, шараға онлайн қатысқан «Русский мир» қорының атқарушы директоры Владимир Кочин Қарағандыда «Орыс орталығының» ашылуына ерекше қуагышты екенін жеткізді. Ол сондай-ақ, Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орыс тілінде таза және әдемі сөйлейтінін разылығын білдірді.

Сізге қызықты болады