Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Қарағандыда әкімшілік дүкендер мен кафелердегі орыс тіліндегі жазбалар алынып тасталуда

Азамат Ахметов

Нысан иелері клиенттерге тек орыс тілінде қызмет ұсынған

Қарағанды облысында орналасқан бірқатар дүкен, дәмханаларға рейд жүргізіліп, тек орыс тілінде жазылған жазбалар алынып тасталды. Рейдтің барысы түсірілген видеоролик әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Видеоролик Пришахтинск елдімекенінде түсірілгені айтылған. Онда полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері сауда нысандарын аралап, тек орыс тілінде жазылған жазбаларды алдырып тастап жатқанын анық аңғаруға болады. Өйткені, бұл мемлекеттік тіл туралы заң талаптарын, сондай-ақ тұтынушылардың құқығын бұзу болып есептеледі.

Рейд профилактикалық мақсатта өткендіктен, нысан иелеріне тек ескерту берумен шектелді. Ешкімге айыппұл салынған жоқ.

Әлеуметтік желі қолданушылары болса тек дүкендердегі жазбамен шектелмей, Пришахтинск деген елдімекен атауын да өзгертуді талап етуде.

Еске салайық, өткен аптада дәл осы Қарағандыдағы Мемлекеттік университетте «Русский мир» қорының бастамасымен «Орыс орталығының» ашылғанын жазған болатынбыз.

Сізге қызықты болады