Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстанда тамаққа ақшаны ең көп жұмсайтындар – Алматыда, аз жұмсайтындар – Шымкентте тұрады

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Сауда тауарларына шығын былтыр айтарлықтай өскен

2021 жылдың алғашқы тоқсанында қазақстандықтардың сауда тауарларына шығыны жан басына шаққанда 96,7 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6% көп деп жазады Finprom.kz.

Аймақтар бойынша ең көп шығын алматылықтарда: жан басына шаққанда 127,2 мың теңге (былтырғымен салыстырғанда 4,2% аз). Сондай-ақ, алғашқы үштікте Павлодар облысы тұрғындары (117,1 мың теңге – 18,1% көп) мен ШҚО тұрғындары (116,5 мың теңге – 5,3% көп).

Ал, сауда тауарларына ең аз шығын шымкенттіктерде, мұнда жан басына шаққанда 72,1 мың теңге шығын шыққан. Соның өзі өткен жылмен салыстырғанда 11,2% көп.

Ал, осы шығындардың ең көп бөлігін – 90,2 мың теңгені (өткен жылмен салыстырғанда 5,5% көп) қазақстандықтар азық-түлік пен алкогольді емес сусындарға жұмсайды екен. Тағы 2,6 мың теңгені темекі өнімдеріне жұмсаса, сыртта тамақтануға 2,4 мың теңге шығын шығарады. Ал, алкогольді сусындарға жұмсалатын қаржы жан басына шаққанда 1,3 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14,4% азайған.

Сізге қызықты болады