Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Абаданың болып бір байқайын»: астаналық журналист қыз «ғалым ағасынан» харассмент көргенін айтты

Азамат Ахметов

Ол өзге қыздарды харассментке төзбеуге шақырды

Журналист Динар Керім әлеуметтік желіде жасы үлкен «ағалардан» жиі харассмент көретінін айтып шағымданды. Қырындайтындар қатарында зиялы қауым өкілдері көп деп жазды ол өзінің Facebook-парақшасында.

Журналист мессенджерде болған кезекті диалогтың скрин-көшірмесін әлеуметтік желіге жүктеп, өзіне жан-жақтан қоңыраулар түсіп жатқанын айтты.

«Кешеден бері Ерден Оралбай деген псевдо-зиялы араға 3 адам салып отыр, өзі туралы постымды алғызғысы келеді екен. Ха! Скрин жасаймыз. Жариялаймыз. Қой демей-ақ қойыңдар. Қыздар, түрін, атын көрсетіп скринін салыңдар мұндайлардың. Көрсін ел харассментті», - делінген Динар Керімнің жазбасында.

Ол қызындай қыздарға қырындайтын ер азаматтардың бұл әрекетін әшкерелеуді әдетке айналдырғанда ғана қазақ қыздарына жасалып жатқан харассментті тоқтатуға болады деген пікірде.

Аталған жазбаның астына пікір қалдырған Facebook қолданушыларының көбі Динар Керімнің «бастамасын» қолдаған.

Сізге қызықты болады