Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«90 мың теңге береміз деді»: Алматыда ұсталған қырғыз азаматы митингке не үшін келгенін айтты

Азамат Ахметов

Бүлікшілер шетелдік азаматтарға арнайы пәтер жалдап, ұшаққа билетін алып берген

Алматыдағы лаңкестік шабуылдарға қатысқан қырғызстандық азамат Қазақстанға қалай келгенін айтып берді. Ол қала мен облыс аумағында жүргізілген антитеррористік операция кезінде қолға түскен.

Оның сөзінше, бейтаныс адамдар оған ақша ұсынып, митингке қатысуға шақырған. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлады. Бүлікшілер шетелдік азаматтарға арнайы пәтер жалдап, ұшаққа билетін алып берген екен.

«1 қаңтар күні маған бейтаныс адамдар хабарласып, митингке қатысу туралы ұсыныс айтты, қатысқан жағдайда 90 мың теңге беретінін жеткізді. Мен Қырғызстанда жұмыссыз жүргендіктен, келісе кеттім. Олар маған ұшаққа билет алып берді. Осылайша 2 қаңтар күні Алматыға ұшып келдім. Ары қарай мені пәтерге апарды. Ол жақта мен сияқты Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары болды. Алайда мен олардың не айтып жатқандарын түсінбедім», - дейді ол.

Қырғызстандық азамат митинг басталған кезде үрейленіп, пәтерге қайта оралғанын айтты. Ал келесі күні еліне қайтуды ұйғарған. Алайда әскерилер оны Алматы облысының Самсы ауылында қолға түсірген.

Сізге қызықты болады