Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Kokshetau Asia басылымының шеф-редакторы ұсталды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Нұржан Баймулдиннің 10 тәулікке қамалғаны туралы ақпарат тарады

Ақмола облысында орналасқан Kokshetau Asia ақпараттық басылымының шеф-редакторы Нұржан Баймулдин ұсталды. Бұл туралы аталған басылымның өзінде жазылған.

«Бүгін (12 қаңтар – авт.) орысша жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы Нұржан Баймулдин ұсталды. Ол әріптестеріне сағат 12:00-ге Көкшетау қалалық полиция басқармасына шақыртылғанын айтқан. Одан бері еш хабар жоқ. Полицияның баспасөз қызметі ешқандай ақпарат бермей отыр», - делінген аталған мәлімдемеде.

Басылымның жазуынша, Баймулдин жергілікті билікті жиі сынап, жемқорлық әрекеттерін ашық жазған.

Әлеуметтік желіде Нұржан Баймулдиннің 10 тәулікке қамалғаны туралы ақпарат тарады.

Сізге қызықты болады