Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Олжас Сүлейменов жаңа партия құратынын мәлімдеді

Азамат Ахметов

Ақын Олжас Сүлейменов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан халық конгресі» деген жаңа партия ашатынын мәлімдеді.

Ол баспасөз өкілдерімен кездесуде жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін, әрбір қазақстандыққа ұлттық ресурстардан кепілдендірілген табыс түсуі қажеттігін атап өтті.

«30 жыл бұрын халық конгресі айтқан сөзді, яғни жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайталады», – деді Олжас Сүлейменов.

Сондай-ақ ақын партия құратыны туралы хабарландыруға қол қойып, тиісті органға жолдағанын хабарлады.

Сізге қызықты болады