Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Сыбайлас жемқорлықпен ұсталған шенеуніктер кімдер?

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлық үшін кімдердің жауапқа тартылғаны туралы тарқатып айтып берді. 

Бұған дейін Олжас Бектенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылдың басынан бері Қазақстанда 1 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық дерегу тіркелгенін мәлімдеген болатын. Елімізде бес айда 600-ден астам лауазымды тұлға жемқорлыққа қатысты әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылған.

«Солардың ішінде бір вице-министр, екі судья, үш генерал бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен елдегі тәртіпті қалпына келтіру және экономиканы монополиядан босату жөнінде жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде мемлекетке 220 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша да белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Жақында агенттік қызметкерлері көліктік бақылау комитетінің жұмысын талдады және құзыретті орындарға тиісті ұсыныстар енгізді. Мемлекет басшысы баяндамамды мұқият тыңдап, агенттік жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша тиісті тапсырмалар берді», - деді ведомство басшысы.

Сізге қызықты болады