Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Павлодар облысында жемқорлықпен жеті лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Биыл Павлодар облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық үшін 7 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде 3 - кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін, 2 – бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін, 2 - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

«Успен ауданының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы қол астындағыларға табыс туралы декларацияны ұсыну бойынша шаралар қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлерге заңсыз қатысқаны үшін Екібастұз қаласы әкімдігінің бюджеттік ұйымдарының бірінің басшысы жауапкершілікке тартылды. Осындай құқық бұзушылық үшін тағы 2 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төленген айыппұлдардың жалпы сомасы 1 745 910 теңгені құрады», делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті хабарламасында.

Сізге қызықты болады