Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары қызметкерлерінен ақша бопсалаған

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен босатылды, деп хабарлайды Qonaev.info. 

«Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылды және қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен босатылды», - деп мәлімдеді Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарының жоғары дауыспен қызметкерлерден ақша бопсалаған сәті бейнеленген видеоны жариялаған болатын.

Сізге қызықты болады