Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бишімбаев хабарласқан көріпкел сотта жауап берді

Азамат Ахметов
Фотоколлаж: Qonaev.info.

Астана сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжанова қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында Бишімбаев қайғылы оқиға болған күні хабарласқан көріпкел Гүлнар Ережеповадан жауап алынды, деп хабарлайды Qonaev.info.

Куәгер сотқа онлайн форматта қосылды. Көріпкелдің айтуынша, Бишімбаев оған түрлі сұрақ бойынша, оның ішінде инвестициялау, бизнес мәселесі бойынша хабарласып тұрған.

«Бишімбаев хабарласқан уақыт нақты есімде жоқ. Ол Салтанат екеуінің ішімдік ішіп, төбелескенін айтты. Дауысына қарап мас екенін түсіндім. Ол «қарап көріңіз, қарап көріңіз» деді. Оған «дәрігерге хабарлас, жедел жәрдем шақыр» дедім. Мас деп ойлап, телефонға да жауап бермедім, оның қоңырауына аса мән бермедім… Басында ол (Салтанат  – ред.) ұйықтап жатыр деді. Тыныс алып, қорылдап жатыр деді. Тыңдап отырғанша, дәрігерге көрсетіңдер, әрі қарай не істеу керек екенін шешеді дедім. Ол тоқтамай соны айта берді», - дейді куәгер.

Ал Бақытжан Байжанов «көріпкел сотта жалған сөйлеп жатыр, ол жедел жәрдем туралы айқан жоқ» деді.

Сондай-ақ көріпкел соңғы күндері өзіне белгісіз адамдардың хабарласып, қорқытып жатқанын айтты. Сол себепті судья көріпкелдің суреті мен аты-жөнін жариялауға тыйым салды.

Сізге қызықты болады