Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды

Азамат Ахметов

ҚР Тұңғыш Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының атауы өзгеруі мүмкін.

Тиісті жоба «Ашық НҚА» порталындa жарияланды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығының тақырыбы «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деп өзгертілсін», - делінген хабарламада.

Жобаның ҚР Президентінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгені хабарланды.

Сонымен қатар, шәкіртақы мөлшері де айына 20 АЕК-тен 55 АЕК-ке дейін өзгереді.

Құжат қоғамдық талқылауға 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін ұсынылады.